<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><title>Таң шапағындай, жүзіңнен нұр төгіліп РӘЖ212</title>
<lyrics>[V1]
 Таң шапағындай, жүзіңнен нұр төгіліп,
 Ең сұлу жан тек сенсің бүгін әлемде.
 Желегің тұр желбіреп, келін, міне, келді деп,
 Жанарың жайнап, қуанышқа бөленген.

[V2]
 Жиылған жұрттың қадалды-ау саған жанары,
 Бал-бұл жүзің көз жауын алып барады.
 Тал бойында төгіліп тұрған ақ көйлегің,
 Пәктігіңнің куәсі болып қалады.

[V3]
 Тәңір еркімен ата-ана үйін қалдырдың,
 Жан жарыңмен мәңгілік бірге болуға.
 Кездесер қуанышы мен қайғысын тағдырдың,
 Асыл жарыңмен бірге қарсы алуға.

[V4]
 Бүгін қалыңдық, ал болашақтағы анасың,
 Сүйген жарыңның жүрек кілтін таба біл.
 Исаның сөзімен ұрпақтың толтыр санасын,
 Мінәжатпен барлық қамалды ала біл.

[V5]
 Ақ көйлек, ақ желекті, көптен күткен тойың тез,
 Өте шықты деп қам көңілді болмағын.
 Асыға күткен нағыз қымбат арманың,
 Қалыңдық болып Иса Мәсіхпен кездесер кез.</lyrics>
<hymn_number>212</hymn_number>
</song>